Ешентаев Ағабек Оңалбекович

№82 К.Қасымұлы атындағы жалпы орта мектебінің директоры
ЕШЕНТАЕВ АГАБЕК ОНАЛБЕКОВИЧ
М І Н Е З Д Е М Е
Ешентаев Ағабек Оңалбекович 1967 жылы 22 қарашада Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас ауданы, Жаңаталап ауылында дүниеге келген. 1974 жылы алғашқа рет Түлкібас ауданы Жаңаталап ауылында «Жаңаталап» сегіз жылдық мектебінің 1-сыныбына барды. 1982 жылы жоғарыда көрсетілген мектепті бітірді. Түлкібас ауданы Вознесеновка селосында орналасқан Лермонтов атындағы орта мектебінде 9-10 сыныпты оқып, 1984 жылы мектепті бітірді. 1984 жылы М.О.Әуезов атындағы Шымкент педагогика институтының инженер-педагогикалық факультетіне оқуға түсті. Институттың 2 курсынан кейін 1986 жылы Шымкент қаласынан әскери міндетін атқаруға шақырылып, Қарағанды облысы, Саран қаласында танкист болып әскери міндетін толық атқарып, қарулы күштер қатарынан запасқа 1988 жылы маусым айында босатылды. 1988 жылы қыркүйек айынан бастап жоғарыда көрсетілген оқуын ары қарай жалғастырды. 1991 жылы М.О.Әуезов атындағы педагогикалық институтының еңбек және жалпы техникалық пәндерінің мұғалімі мамандығы бойынша бітіріп шықты.
Еңбек жолын 1991-2003 жылдар аралығында ОҚО Түлкібас ауданы «Жаңаталап» орта мектебінде физика-математика пәндерінің мұғалімі болып бастады. 03.01.2004ж - 25.08.2004 жылдар аралығында Шымкент қаласында «Жаңалық» ЖШС авто дело пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеді. 25.08.2004ж – 01.09.2008 жылдар аралығында Шымкент қаласындағы №66 «Қазығұрт» жалпы орта мектебінде азаматтану және технология пәндерінің мұғалімі болып жұмыс істеді. 01.09.2008 – 17.01.2012 жылдар аралығында №66 «Қазығұрт» жалпы орта мектебінде директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары болып қызмет атқарды. 17.01.2012 – 20.03.2012 жыл аралығында №24 С.Ерубаев атындағы жалпы орта мектебінің директоры болып қызмет атқарды. 20.03.2012 жылдан бастап №51 жалпы орта мектебінде мектеп директоры болып қызмет атқаруда.
Ағабек Оңалбекович – қазіргі заман талаптарына сай өзіндік көзқарасы, саяси-түсінігі бар, білімді әрі жоғары білікті маман.
Жас ұрпақтың халықаралық стандартқа сәйкес білім алып, әлемнің кез-келген елінде қажетке жарайтын озық та озғыр, абыройлы да алғыр азамат болуына қосар үлесі мол.
Шебер ұйымдастырушы, жас ұрпақ тәрбиесінің шынайы жанашыры, мейірімі мол педагог. Еңбекқор, мақсатқа жету жолының қысқа жолын таңдамайтын, кез-келген мәселені соңына дейін шешуді жақсы көретін іскер, өте адал, сенімді және айналасындағылардан соны талап ететін басшы.
Марапаттары:
2015 жыл. Шымкент қаласы Абай ауданы әкімінің аппаратының алғыс хаты.
2015 жыл. Шымкент қаласы Абай ауданы әкімінің алғыс хаты.
2016 жыл. Шымкент қалалық білім бөлімінің алғыс хаты.
2016 жыл. Оңтүстік Қазақстан Педагогикалық Институтының алғыс хаты
2016 жыл. Оңтүстік Қазақстан облысы жастар саясатының мәселелері жөніндегі басқармасының тапсырысы бойынша «Жалын» жастар ұйымы қоғамдық бірлестігінің алғыс хаты.
2016 жыл. Облыстық кәсіподақ комитетінің төрағасының құрмет грамотасы.
2017 жыл. Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының «Оңтүстік Қазақстан облысының әдістемелік кабинеті» алғыс хаты.
2017 жыл. Шымкент қалалық білім бөлімінің алғыс хаты.
2017 жыл. ОҚО мен Шымкент қаласы бойынша білім, ғылым, спорт және мәдениет қызметкерлерінің кәсіподағының төрағасының ұлықтауы.
2018 жыл. Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігінің алғыс хаты.
2018 жыл. Түркістан облысы өзбек этномәдени бірлестігі төрағасының алғыс хаты.
2018 жыл. Шымкент қалалық білім бөлімінің мадақтамасы
2018 жыл. Түрік мемлекетінің Бафра және Ардахан қалаларының әкімдерінің алғыс хатымен марапатталды.
2019 жыл. «Білікті ұстаз» ғылыми-әдістемелік педагогикалық журналының Алғыс хаты.
2019 жыл. Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хаты